10:25, 17 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында 22 жастағы қыз пойыз астына түсіп, мерт болды
ТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 22 жастағы қыз пойыз астына түсіп, мерт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, кеше Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Сапақ стансасында 22 жастағы қыз пойыз астына түскен. Дене жарақатын алған ол оқиға орнында қаза тапты.