Қызылорда облысында 23 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды

Қазірге дейін барлығы 23663 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентімен қамтылғандар саны - 13644 адам.
«Бүгінге дейін аталған вакцина салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 20785-і бірінші компонентін алса, 11104-і екіншісін алды. Ал жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен – 1629, екінші компонентпен – 1116, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентпен – 2533, екінші компонентпен 1421 адам қамтылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада коронавирус жұқтырғандар арасында бір жасқа дейінгі нәрестелер саны басым екенін хабарлаған едік.