Қызылорда облысында 26 630 тұрғыны бар 6 елді мекеннің ауызсусыз қалу қаупі туындады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніне жақын орналасқан магистралды су құбырында апатты жағдай орын алды. Сонымен қатар осы ауданның ІІІ Интернационал елді мекеніндегі 4 жер асты ұңғымасының екеуінен құм аралас су шыққан. Бұл туралы облыстық ТЖД алдын алу бөлімінен хабарлады.
None
None

Осының салдарынан 26 630 тұрғыны бар 6 елді мекен ауыз сусыз қалу қаупі туындады. Орын алған жағдайларға байланысты шұғыл шара қолдану мақсатында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою комиссиясының отырысы өткізіліп, тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге елді мекендерді ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын орындау тапсырылды. Сонымен бірге бұл комиссияның көшпелі отырысы Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылында да өткізілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясы отырысының шешімімен «ҚазСуШар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалына Октябрь топтық су құбырында тиісті жөндеу және құрылыс жұмыстарын шұғыл түрде бастауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар тұрғындарды қажетті мөлшердегі ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Сарыөзек ұңғымасындағы ауызсудың жарамдылығына сараптама жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар