Қызылорда облысында 33754,8 мың тонна жүк тасымалданды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында биылғы жылдың осы кезіне дейін 33754,8 мың тонна халық шаруашылығы жүктері тасымалданды.
None
None

Бұл өлшемге көлік қызметі емес ұйымдар мен коммерциялық құрылымдардың тасыған жүктері де кіреді.

Жалпы, осы көрсеткіш былтырғы жылдың осы уағымен салыстырғанда, биыл жүктің 6,6 пайызға көбірек тасылғанын көрсетеді. Осы кезеңде 67854,6 мың жолаушы тасылды. Бұл былтырғы салыстырмалы кезеңнен 5,2 пайызға артық. Сонымен қатар жолаушы айналымы биыл өткен жылғы көлемнен 6 пайызға артық мөлшерде, яғни 1432,1 млн. жолаушы-шақырым болып орындалды.

Соңғы жаңалықтар