16:14, 05 Маусым 2023 | GMT +5
Қызылорда облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көпқабатты үйдің терезесінен төрт жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 5 маусымда сағат 13:14-те Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатынан төрт жастағы қыздың құлағаны туралы хабарлама түскен.
«2019 жылы дүниеге келген сәби үлкендердің бақылауынсыз қалып қойған. Сәби балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада жыл басынан 13 адам суға кетті.