Қызылорда облысында 4083 белсенді бизнес құрылымы жұмыс жасайды

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2011 жылдың 1 қаңтарына аймақта шағын бизнестің 4083 кәсіпорны тіркелген.
None
None

Бұл 2010 жылдың 1 қаңтар айына қарағанда 5,6 пайызға жоғары. Тіркелгендердің 65,3 пайызы (2665 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды. 1831 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 68,7 пайызы) белсенді болды. Аймақтар бойынша белсенді кәсіпорындардың ең көп саны Қызылорда қаласына (80,0 пайыз), Шиелі (4,4 пайыз), Қазалы (3,5 пайыз) аудандарына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар