Қызылорда облысында 42 жастағы адам суға батып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында кеше, 12 шілдеде 42 жастағы азамат суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Жаңақорған ауданы аумағындағы каналдың бірінде орын алған. Каналдың жағасына кешкілік мезгілде демалуға үш адам барған.

«Олардың екеуі ұйықтап қалған. Үшіншісі қайда кеткенін білмейді. Таңертең жергілікті тұрғындардың күшімен суға кеткен адамның жансыз денесі табылды. Қазір ол бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматтар көп жағдайда су жағасында ішімдік ішеді. Сондай-ақ, балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жиі кездеседі. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - дейді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 21 адам суға кеткен. Олардың сегізі бала. Қазіргі күнге дейін Қызылорда қаласында – 8, Жаңақорғанда – 4, Аралда – 3, Қазалыда – 2, Байқоңырда – 2, Шиелі мен Сырдарияда 1 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

Былтыр Қызылордада облысында дәл осы уақытта 22 адам суға кетіп көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар