Қызылорда облысында 43 мың оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 49 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында 43 мың оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

Қазірге дейін өңірде барлығы 49 516 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды.

Облыс бойынша аталған вакцинаны салдыруға 97 695 адам есептелді. Оның ішінде 63 500-і - жасөспірімдер. Қазір 1-компонетпен қамтылғаны - 49516 тұрғын.

Бұл - есепке алынғандар тұрғындардың 50,7 пайызы. Ал 2-компонентпен 19 666 адам (20,1 пайыз) қамтылды.

Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында бірінші компонентті - 43175 адам (68,4 пайыз), 2-компонентті - 16265 (25,6 пайыз) адам алды.

«Сондай-ақ, аталған вакцинаны жасөспірімдерден өзге жүкті әйелдер, лактация кезіндегі әйелдер қабылдауға мүмкіндік алды. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес ол медицина қызметкерлері, 60 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада биылғы оқу жылында 305 сынып карантинге жабылды.