Қызылорда облысында 69 мыңнан астам жасөспірім вакцина салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 69 мыңнан астам жасөспірім вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында 69 мыңнан астам жасөспірім вакцина салдырды

Қазірге дейін өңірде барлығы 77983 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентімен егілді.

Оның ішінде 69 110-ы - жасөспірімдер. Ал жүкті әйелдер арасында 2 675 адам бірінші компонентті салдырды.

Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар - 6185 адам. Қалғаны - басқа топтағы тұрғындар.

«Айта кетерлігі, өңірде Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысы бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.