Қызылорда облысында 71 мың бала Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 81 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында 71 мың бала Pfizer вакцинасын салдырды

Қазірге дейін өңірде барлығы 81 016 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін ектірді.

Оның ішінде 71861-і - жасөспірімдер. Ал жүкті әйелдер арасында 2 712 адам бірінші компонентті салдырды.

Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар - 6443 адам. Қалғаны - басқа топтағы тұрғындар.

«Айта кетерлігі, өңірде Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада 427 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.