Қызылорда облысында 80 жастағы қария коронавирус жұқтырды

10 маусымда Қызылорда қаласында12 адам, Жаңақорған ауданында 1 адам және Жалағаш ауданында 1 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Науқастардың арасында ең үлкені 1940 жылғы ер адам болса, ең кішісі 1997 жылы туған қыз бала.
«ПТР анализдері 4 адамнан бұған дейін ауырған науқастармен қарым-қатынаста болуына байланысты, 4 адамнан шұғыл госпитализациялау алдындағы эпидбақылау мақсатында, қалған 6 науқастан эпидемиологиялық көрсеткіштер (ЖРВИ) бойынша алынған. Зерттеу қорытындылары науқастардың ағзасынан коронавирус инфекциясын анықтады», делінген хабарламада.
Қазір пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, науқастармен қарым-қатынаста болғандарды анықтауда.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен жалпы 484 адам тіркелген, олардың ішінде 309-ы емделіп шыққан.