Қызылорда облысында алимент бойынша берешек 136 млн теңгеге азайған

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл алимент төлеу бойынша берешек 136,1 млн теңгеге азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәлімет облыс прокуроры Нұрлан Бижановтың төрағалығымен өткен алимент өндіру бағытында атқарылған жұмыстарға қатысты ведомствоаралық мәжілісте айтылды.

Жыл басынан бері облыста 18 400 балаға қатысты алимент өндіру туралы 12 575 атқарушылық құжат болды.

Оның ішінде 446 балаға қатысты 308 құжат бойынша 379,8 млн теңге берешек есептелген. Қазір олардың 1 025-і аяқталған.

Атап айтқанда, 728 -і орындаусыз кері қайтарылған, 213-і тоқтатылған, 84-і толық орындалған.

«Қазіргі уақытта 17 мың балаға қатысты 11 550 атқарушылық құжат қалдықта, 291 балаға қатысты 208 құжат бойынша 243,7 млн теңгеге қарыз өндірілмей отыр.

Соған қарамастан жыл басынан бері берешек 136,1 млн теңгеге азайған. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 88, Байқоңырда – 16, аудандар бойынша Қазалыда – 9,7, Аралда – 8,6, Қармақшыда – 2,4, Жалағашта – 12,1, Сырдарияда – 7,2, Шиеліде – 7,1, Жаңақорғанда – 6,8 млн теңгені құрайды», - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Тексеру кезінде алимент өндіру туралы қаулыны борышкердің жұмыс орнына уақытылы жолдамау, борышкердің ел аумағынан шығуын уақытша шектемеу, борышкерлерді әкімшілік жауапқа тартпау, борышкердің есепшоттарына және мүлкіне тыйым салмау сияқты 389 заңбұзушылық анықталған.


Соңғы жаңалықтар