07:30, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында аптаптың беті қайтар емес
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауына қарағанда, таяу аралықта еліміздің бірқатар өңірлерімен бірге Қызылорда облысының аумағында да күннің бұрынғыдан бетер ыси түсетін түрі бар.

Әзірге Сыр бойының ауа райы бұзаубастың саптыаяқ басынан қарауыл қарағанындай айрықша бір құбылмалы сипат танытып отыр. Болаттай берік емес байыбы баянсыз күн қабағы таң азаннан ұлы сәскеге дейін ешкемерді естен тандыратындай тым тымырсық болып тұрады да, түс ауа жын соққандай екілене ұратын қитұрқы желдің еркіне еріп ала жөнеледі. Сынап бағанасы осы күндері сонда да болса 30 градустық ыстық өлшемінен әлі бір төмен түсіп көрген емес.