11:30, 16 Наурыз 2013 | GMT +5
Қызылорда облысында арналарды тазартуға 27,4 млн. теңге бөлінді
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорданы техникалық сумен қамтамасыз етіп тұрған 13 сорғыны күтіп-ұстауға облыстық бюджеттен 27,6 млн., ал арнасы толып қалған каналдар мен арықтарды тазалауға 27,4 млн. теңге бөлінді.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Марсбек Молдабаевтың айтуынша, қазіргі күні облыс орталығындағы каналдардың бойында 13 сорғы қондырғысы бар. Соларды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін осы жылдың бюджетінен 27,6 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар № 101 мектеп аумағындағы ұңғыма арқылы Жібек жолы бойындағы ағаш көшеттері суарылып (5 млн. теңге бөлінді), Мұратбаев көшесінің аяқ жағындағы Құлагер ұңғымасы арқылы Ясауи көшесінің бойындағы ағаш көшеттеріне су беріледі.
Бұл жұмыстарды «Су құбыры» кәсіпорны жүргізетін болады.