Қызылорда облысында «Ashyq» жобасына қосылған нысандар жұмысына шектеулер алынып тасталды

Аталған қаулыда 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаеваның хабарлауынша, №1 қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан концерт залдарының, театрлар, филармониялардың жұмысына, діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салынған еді.
Сондай-ақ, осындай талаптар конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды өткізуге (көзбе-көз режимде кеңестерді (отырыстарды) қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайды қоспағанда), түнгі клубтарының жұмысына; қоғамдық тамақтану объектілерінде қызмет көрсетуге, ән айту және би билеу қызметін көрсететін караоке жұмысына (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда), жеке кездесулерді өткізуге (егілген 10 адамға дейінгі жағдайларды қоспағанда) қойылған.
Жаңадан шыққан №4 қаулыда «Ashyq» жобасына қосылған нысандардың жұмысына қатысты аталған шектеулер алынып тасталған.
«Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандар ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 Қаулысының талаптарын сақтауға міндетті.
Еске салсақ, Қызылорда облысында 23 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды.