Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы міндетін атқарушы тағайындалды
Дәуірбек Кеңесұлы 1970 жылы дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік агроинженерлер университетін «инженер-механик», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы ұстаздық қызметтен бастаған. 1996-1999 жылдары Бюджеттік банктің облыстық басқармасында экономист, облыстық қазынашылық басқармасында аға қазынашы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, 1999-2000 жылдары Республикалық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы директорының орынбасары, 2000-2004 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2004-2008 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстағы өкілдігінің директоры, басқарма мүшесі, 2011-2012 жылдары «Оңтүстік» қаржы компаниясы» АҚ вице-президенті болса, 2012 жылдың ақпан айынан бастап осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарған.