11:25, 30 Наурыз 2013 | GMT +5
Қызылорда облысында автоцистерна төңкеріліп, бір тонна күкірт қышқылы далаға төгілді
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні, түскі сағат бір шамасында Қызылорда облысында Шиелі-Еңбекші автожолының 2-ші шақырымында «Сауда Көлік» ЖШС-ға тиесілі ішінде 26 тонна күкірт қышқылы бар автоцистерна аударылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Аударылу салдарынан автоцистернадан 1 тоннаға жуық мөлшерде күкірт қышқылы далаға төгілді. Оның аумағы 59 шаршы метрді (17м х3,5 м) құрады. Оқиға орнына каустикалық сода себілді, «Сауда Көлік» ЖШС күкірт қышқылын жою жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. ТЖ салдарын жоюға «СаудаКөлік» ЖШС-ның 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.