Қызылорда облысында автокөлік толығымен жанып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Wolksvagen golf» маркалы автокөлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 4 қарашада сағат 10.57 шамасында Шиелі ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолы бойында болды. «Тексеру барысында аталған автокөлік жүргізушісі Қызылордадан Шымкент қаласына қарай бет алып бара жатқаны анықталды. Адам шығыны жоқ», - деп мәлім етті ведомстводан.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің шығу себебі көліктің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болғанын хабарлады.

«1994 жылы шыққан көлік толығымен жанып кетті. Көлік жүргізушісінің құжаттары да жарамсыз күйге ұшырады», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Өткен қазан айында Қызылордада күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар