Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің учаскесінде асфальт салына бастады

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің учаскесінде асфальт салына бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылғы 30 мамырда Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі учаскелерінің бірінде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарының бұл кезеңіне су өткізу құбырларын орнатып, негізгі қабаттарды төсеу жұмыстарынан кейін бірінші болып қазақстандық «УАД» ЖШС жол құрылысшылары кірісті. Аталған компания Қызылорда - Шымкент автомобиль жолындағы 40 шақырымдық (1837-1877 км) учаскесі бойынша еншілес мердігер болып табылады», делінген ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан хабарламады.

Анықтамалық ақпарат: ұзақтығы 2 787 км, олардың 2 452 км қайта салуға жатқызылған. Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары жалпы ұзақтығы 817 км құрайтын учаскеде жүргізіледі. Ұзақтығы 230 км құрайтын Қызылорда - Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесі, қазіргі уақытта бар жол, 4 жолақты қозғалысты I техникалық дәрежелі, ал қалған 587 км (Ақтөбе облысы шекарасы - Қызылорда) II техникалық дәрежелі (2 жолақты, 9 метр) жол ретінде қайта салынады.

Қазіргі таңда мердігерлік ұйымдар 2845 техника, 12 825 адам жұмылдырылып, 1,0 млн. м3 ұсақталған қиыршық тас, 1,4 млн. тонна құм-қиыршық қоспа, 166 мың тонна еленді, 20 мың м3 темірбетон бұйымдары дайындалған.

Соңғы жаңалықтар