Қызылорда облысында бес айда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері 4634,5 млн. теңгеге жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Үстіміздегі жылдың бес айында облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4634,5 млн. теңгені құрады. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2,2 пайызға көп.
None
None

Мұнда, әсіресе, мал шаруа­шылығы өнімдерін өндіру көлемі ұлғайып келеді. Төрт түлікті түлеткен қауым биылғы жылғы бес айда 4585,9 млн. теңгенің өнімін өндірді.

Сыр өңірінде жылдан-жылға мал басы артып келеді. Ол қаңтар-мамырдағы көрсеткіште де оң сипатта. Мүйізді ірі қара саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда1,8, жылқы 1,6, түйе 1,4 пайызға артты. Ал уақ мал басы 1,6 пайызға кеміген. Жалпы алғанда, биылғы жылдың бес айының қорытындысымен мүйізді ірі қара - 259,4, жылқы - 66,2, түйе - 30,2 мыңға жетті. Ал қой саны 609,6 мыңға жуықтайды. Бүгінгі таңда ауыл­дағылар нарық заңдылығымен жұ­мыс жүргізе бастады. Кезінде қа­раусыз қалған салаға ынталы жан­дардың қатары көбейіп келеді. Бұл елдегі ағайынның қолындағы төрт түлік санын арттыруға негіз қалады.

Мал басының өсімі өнім өндіруге оң әсер етті. Осының арқасында жергілікті жердегі шаруалар бұрын­ғыдан көп табыс табуға қол жеткізе бастады. Оны қолдағы дерек көздерінен айқын аңғаруға болады. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бойынша да өсім байқалып отыр. Үстіміздегі жылдың бес айында 11,9 мың тонна мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға өткізілді. Ол былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 1,6 пайызға көбей­ген. Сондай-ақ, осы кезеңде сиыр сүті 1,4 пайызға артық өндірілген.

Соңғы жаңалықтар