Қызылорда облысында бір адамды пойыз қағып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая бекеті тұсында №2959 жүк пойызы бір адамды қағып кетті.
None
None

Зардап шекен азамат сол жерде ажал құшты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.

Келеңсіз жағдай бүгін сағат 00-10-да орын алған. Қаза тапқан Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты.

Оқиға орнына облыстық ТЖД Шиелі ауданы ТЖБ жедел тобынан 2 адам, 1 техника бірлігі, ҚІІЖ жедел тобы 2 адам, 1 техника бірлігі, жедел дәрігерлік жәрдем беру тобынан 3 адам, 1 техника бірлігі барды.

Соңғы жаңалықтар