18:32, 23 Желтоқсан 2020 | GMT +5
Қызылорда облысында бір отбасы мүшесі ысты газға уланып қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір отбасының 4 адамы түтінге уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 23 желтоқсанда сағат 03.56-да болды. Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында тұратын отбасы мүшелері пештің ақауынан тараған көмірқышқыл газына уланған.
«Олардың үшеуі – ересек адам болса, біреуі – бала. Оқиға орнына құтқарушылармен бірге жедел жәрдем бригадасы да келді. Уланған адамдар аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Бұдан бұрын Қызылордада бір отбасының 7 адамы уланып қалғанын жазған едік.