11:11, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Қызылорда облысында бір үйдің 8 келіні бір мезетте дауыс берді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында тұратын Сейтжановтар әулетінің 8 келіні бір мезетте сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шиелі ауданы Ақтоған ауылында тұратын Сейітжановтар әулетіні саяси маңызды шараға белсенділік танытты. Аталған отбасындағы барлық сайлаушы алғашқылардың қатарында өз таңдауын жасады.
Олардың қатарында аталған әулеттің 8 келіні бар. Олар бір мезетте сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін - ел болашағы үшін маңызды күн. Саяси шараға белсенді түрде қатысуға шешім қабылдадық. Өз таңдауымызды жасадық», - дейді олар.
Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан әулетке сыйлық берілді.
Айта кетейік, өңірде 373 сайлау учаскесінде тіркелген 482 934 сайлаушы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 101 жастағы ардагер таңдауын жасады.