Қызылорда облысында бірқатар басқармаларға басшылар тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бірқатар басқармаларға басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне Ғабит Жаңабаев тағайындалды.

Ғабит Жұмабекұлы экономика мен қаржы саласында қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметте түрлі деңгейде бірнеше басқармада жауапты қызметтерде болды.

2012-2021 жылдары облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық жұмылдыру дайындығы және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2021 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары қызметін атқарды.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Төрәлиев келді.

Ерлан Кәрімбекұлы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы «Фармация» акционерлік қоғамының экономист-менеджері болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облыстық энергетика, құрылыс және тау-кен шаруашылығы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Әр жылдары облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, осы салаға жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің су және су бұру басқармасының басшысы, «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін «Ер-Ару» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры болды.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Пакуатдин Шамұратов тағайындалды.

Мемлекеттік қызметте сәулет, құрылыс салаларында мол тәжірибе жинады.

2017-2020 жылдары Тасбөгет кентінің әкімі болған. Соңғы жылдары қалалық құрылыс бөлімінің басшысы және Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызыорда облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды.

Сондай-ақ, облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшы тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар