14:05, 19 Маусым 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында бірқатар кадр алмасушылықтар болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Бірқатар уақыттардан бері кадр саясаты алаңында мамыражай тыныштық орнап тұрған Қызылорда облысында аяқ астынан ротациялық өзгерістер басталып кетті.

Кеше болған бұл ауыс-түйістерде алдымен Қызылорда қаласының әкімі Мұрат Ергешбаев орнын босатты. Ол бірер айдан бері иесін күтіп тұрған облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Қала әкімінің босаған орынтағына бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болып келген Мархабат Жайымбетов жайғасты. Ал облыс әкімінің орынбасарлығы лауазымын осы кезге дейін «Ертіс» ӘӘК басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған Нұрлан Ұранхаев алды.