Қызылорда облысында биыл 980560 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Жоғарыдағы дерек биылғы көрсеткіштің өткен жылдың қаңтар-қарашасы деңгейінен 0,2 пайызға кем екенін көрсетеді. Жылдың осы кезіне дейін аймақта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 2,1 пайызға тең болды. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 99,9 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауды беруде 98,1 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасындаауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 42951,5 млн. теңгені құрап, былтырғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,9 пайызға кем шықты. Есепті кезеңде жүк айналымының көлемі 11542,4 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) болып, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,2 пайызға артты.