Қызылорда облысында биыл егін көлемі едәуір артады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен облыс әкімдігі арасында 2015-2016 жылдарға ауыл шаруашылығы дақылдары егісін әртараптандыру туралы жасалған меморандумға сәйкес, 2015 жылы облыс бойынша 164,1 мың (2014 жылы 158,2) гектарға егiс егу межеленіп отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оның ішінде дәндi дақылдар 83,1 мың, мал азықтық дақылдар 56,5 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 22,9 мың, майлы және техникалық дақылдар 1,6 мың гектарды құрайды.

Жалпы күрiш егісінің көлемі 76,3 мың гектар (2014 жылымен салыстырғанда 4,8 мың гектарға аз).

2015 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биылғы жылдың күз айларынан дайындалып, 500 гектар күздік бидай егілді, 17,0 мың гектар сүдігер көтерілді.

Соңғы жаңалықтар