11:06, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында биыл индустриялық-инновациялық жоба бойынша он кәсіпорын салынатын болса, соның жетеуі қазір пайдалануға беріліп үлгерді
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Еіліміздің үстіміздегі жылғы индустриялық-инновациялық жобасына Қызылорда облысынан енгізілген он жобаның жетеуі жылдың бірінші жартысында іске қосылды. Ал қалған үшеуі жақын аралықта пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жылдың екінші жарты жылдығында сапқа тұратын сол кәсіпорындардың санатында Жаңақорғандағы бір қиыршық тас зауыты, Қазалыдағы тауарлы сүт фермасы, «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» акционерлік қоғамының газтурбиналы электр стансысы бар. Бұлардан бөлек, Шиелі ауданында қамыстан істелетін ДСП тақтай зауыты мен Қызылорда қаласында еуропалық технологияға негізделген темір-бетон зауыты жұмыстарына кіріседі. Ал Ақшабұлақтағы қуаттылығы 87 мВт-тық газтурбиналы электр стансысы келесі жылы салынып бітеді.