Қызылорда облысында биыл туберкулез шалдығудың 330 жағдайы тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биылғы жылдың 9 айында туберкулез шалдығудың 330 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыста биылғы жылдың 9 айында туберкулез шалдығудың 330 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға артқан. Олардың басым көпшілігі - тыныс алу жолдарының туберкулезі.
«Сырқаттанушылық деңгейі Жалағаш ауданында бір деңгейде қалыптасқан. Ал қалған аудандарда эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Туберкулездің ашық түрімен ауырғандар 1,3 есеге жоғарылаған. Індетке шалдыққандардың 66%-ы әлеуметтік белсенді топтар, яғни 18-64 жас аралығындағы тұрғындар. Сырқаттанушылықтың 5,4%-ы - 14 жасқа дейінгі балалар болса, 5,4% жасөспірімдер арасында тіркелген», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Эпидемиологиялық талдау нәтижесі көрсеткендей, туберкулезге шалдығу көп жағдайда жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында көп екені анықталды.
«Аурудың асқыну және өлім-жітім себептері ауыру қаупі жоғары «тәуекел» топтағы контингенттердің уақытылы флюрографиялық тексерілмеуі, ауру клиникасы пайда болғанымен тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгіну салдарынан болуы ықтимал», - деді аталған ведомстводан.