Қызылорда облысында бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді шешу шараларын қабылдауды көздейтін құжат қабылданды
Меморандум бизнесті сыбайлас жемқорлық қолсұғушылықтан қорғауды, мемлекеттік қызмет саласында бизнестің дамуына кедергі болатын жүйелі мәселелерді анықтауды, оларды шешудің кешенді шараларын қабылдауды көздейді.
Шара барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Р.Досмаханов аталмыш жоспар аясында кәсіпкерлікті бұдан әрі дамыту және өркендету үшін конструктивтік, ашықтық және тиімділік қағидалары бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдардың жүзеге асырылатындығына сенім білдірсе, департамент басшысы М.Қарымсақов елімізде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда бекітілген мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары туралы түсіндіріп берді.
Бүгінде Кәсіпкерлер палатасымен ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментiмен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің құрамына департаменті басшысының орынбасары енгізілсе, Тәртіптік кеңестің құрамына Кәсіпкерлер палатасының директоры енгізілді.
Алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік саласына қатысты заң бұзушылықтарын анықтау және жою шаралары қабылданып, осылайша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде қаралған мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі Тәртіптік кеңеске енгізілетін болады.