Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 22 жоба мақұлданды

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті.
None
None

Аталған аймақтық Үйлестіру кеңесінде 22 кәсіпкер жалпы сомасы 738 млн. 762 мың 211 теңгені құрайтын жобаларын қаржыландыруға мақұлдау алды.

Олардың арасында жүк тасымалдау, денсаулық саласында қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі, электржабдықтауда сервистік қызмет көрсету, жиһаз, керамикалық бұйымдар, бетоннан құрылыс материалдарын дайындау және киім тігу сияқты жобалар бар.

Мақұлданған жобалардың бірі - «КДЛ Олимп» ЖШС. Жобаны қаржыландыру медициналық қызмет көрсететін және жергілікті қала тұрғындарына қызмет жасауға орын алуға бағытталған.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Қала көшелері көркейіп, аулалар абаттануда. Әлеуметтік маңызы бар объектілер салыну үстінде. Осыған орай, дәл қазіргі уақытта құрылыс заттары жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынғаны маңызды. «СК ДСК» ЖШС несие қаражатын бетон плиталарын шығаратын зауыттың құрылысына негізгі құралдар алуға жұмсауда және «БЖК-2020» бағдарламасымен несие пайызы субсидиялануда.

Сонымен қатар, «Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» жобасы бойынша Астана қаласына баратын 15 кәсіпкердің тізімі бекітілді. Облыс кәсіпкерлері оқытудан өтуге үлкен ынта білдіріп, өтініштерін тапсырды. Бекітілген қатысушылар тізімінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өтетін кәсіпкерлер бар.

«Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» жобасы табысты бизнесті құруда жаңа модельдерді үйренуге, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге тұрақты басқару дағдыларын дамытуға және «Назарбаев Университет» базасында стратегиялық және тактикалық бизнес-тапсырмаларды шешуге бағытталған.

Астана қаласындағы «Назарбаев Университет» бойынша оқыту ақысы мемлекет қаржысынан бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар