11:10, 25 Маусым 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына айрықша мән беріліп отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іс жүзіне асыруға айрықша көңіл бөлінуде.

Соның нәтижесінде мұнда бизнесті субсидиялауға 260 млн. теңге, шағын және орта бизнес кредиттерін ішінара кепілдендіруге 81,4 млн. теңге, бизнесті сервистік қолдауға 32,5 млн. теңге, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 196,8 млн. теңге қаралып отыр.
Жалпы, бағдарлама келесі үш бағытта жүзеге асырылатын болады. Олар жаңа бизнес бастамаларын қолдауға, кәсіпкерлік секторын жетілдіруге және экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға арналады. Осы бағыттар бойынша субсидияландыруға жататын экономика секторының 74 позициядан тұратын басым бағыттары жақында өткен үйлестіру кеңесінің отырысында қолдау тапты.