Қызылорда облысында бос орындар жәрмеңкесі өткізілді
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Іс шараны Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы ашып, өткізіліп отырған жәрмеңкенің мақсаты жазасын өтеу орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсетіп, бірінші кезекте жұмыспен қамту екендігін айтып өтті. Келесі сөз Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет майоры Тұрсынбаев Талғат Қуанышұлына берілді. Талғат Қуанышұлы іс - шараны ұйымдастырып отырған мекемеге рахметін айтып, азаматтарға мамандықтары бойынша жұмыс табуларына тілектестік білдірді.
Аталған жәрмеңкеге пробация есебінде тұрған 47 тұлға қатысты. Қаланың 17 мекемесінен 177 бос орындарына сұраныстар болды. Оның ішінде облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығы «Студенттік жастардың еңбек жасағы» облыстық штабына 50 жұмысшы, «Тұрғы үй Қызылорда» ЖШС-не, «Жаңарту» ЖШС, «КНПЗ» ЖШС-не газэлектрдәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы сынды мамандықтарға сұраныстар болды. Ұйымдастырылған жәрменке барысында пробация есебінде тұрған азаматтар жеке сұхбат жүргізу үшін өздері таңдаған мекемелеріне шақырылды.