Қызылорда облысында Бұқарбай батырдың аты ұлықталуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 сәуір. ҚазАқпарат -  Үстіміздегі жылы қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің бірі - Бұқарбай батырдың туғанына 250 жыл толады.
None
None

Осыған орай қазіргі күндері батырдың туған жері - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында еске алу шаралары өтіп жатыр.

Аудан орталығындағы №188 орта мектептің 7 сынып оқушылары арасында «Бұқарбай батыр - халық қаһарманы» атты тақырып бойынша ашық сабақ өткізілді. Онда оқушылар өздерінің қазақ халқының тарихынан едәуір хабарлары бар екендіктерін танытты. Мектепте онымен бір мезгілде батыр жайлы шығармаларды мәнерлеп оқудан жарыс та ұйымдастырылды. Байқаудың жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар