Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 65,9%-ы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 65,9%-і вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде 263 мыңнан астам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырса, екінші компонентімен 211 мыңнан астам адам қамтылды.

Жыл басынан бері облыс бойынша 14 859 адамның індет жұқтырғандығы анықталса, бүгінде оның 82 пайызы сауығып шықты. Ал, пневмониямен ауырған 2019 науқастың 1741-і яғни 86,2% емделді.

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда. Қазіргі таңда инфекциялық төсек-орын саны 2160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 164. Жүктеме 49,5 пайызды құрап отыр. Резервтік орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған.

«Облыста режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар 686 оттегі концентраторымен, 8 компьютерлік томограф, 66 рентген аппаратымен қамтылып, 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 3500-ге дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов.

Айта кетсек, Қызылордадағы «СКЗ-U» мекемесінің қызметкерлерінің 99 пайызы вакцина салдырды.



Соңғы жаңалықтар