08:14, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Қызылорда облысында еңбек заңнамасын бұзудың 320 фактісі анықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысының мекемелері еңбек заңнамасын 320 рет бұзды.

Бұл туралы облыстық еңбекті бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті мемлекеттік инспекциясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Инспекция қызметкерлері биылғы жылдың бірінші тоқсанында 150 рет тексеру жұмыстарын жүргізді. Анықталған 320 фактінің 269-ы «Еңбек туралы» Заңды, 46-сы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін, 5-еуі еңбекке тарту талаптарын бұзуға қатысты. 2012 жылғы 1 сәуірге дейін олардың 230-ы бойынша немесе 72 пайызында жағдай түзетілді. Сонымен бірге 16 іс ішкі істер органдарына, 14-і сотқа өткізілді. Барлық тексеру жұмыстарында анықталған бұзушылықтарға байланысты кінәлілерге жалпы сомасы 3 млн. 216 мың теңгені құрайтын 106 айыппұл салынды. Күні бүгінге дейін бұл қаржының 2 млн.-нан астам сомасы өндіріп алынды.