Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 cәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
None
None

Бұл шара Мемлекет басшысының 2007 жылғы «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарын құру туралы» Жарлығына сәйкес, ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып аталған санаттағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Мұндай соттар осы кезге дейін Астана және Алматы қалаларында 2007 жылы құрылып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде көптеген игілікті жұмыстар атқарып, оң тәжірибе қалыптастырып үлгерді.

Міне енді Қызылорда облысында да кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды. Елбасы Жарлығымен сот төрағасы болып Әбу Айбек Кеңесұлы тағайындалды.

Қызылорда қаласында ашылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қызылорда қаласында орналасқан «Сот билігі сарайы» ғимаратының төртінші қабатына орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар