Қызылорда облысында карантин талабын бұзғандарға 21 млн теңге айыппұл салынған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері карантин талабын бұзудың 302 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде құрылған мониторингілік топтар карантин режимінің сақталуын қадағалап келеді. Жыл басынан бері олардың тарапынан рейдтік тексерістер негізінде 9190 нысан қамтылды.

Нәтижесінде карантин талаптарын бұзудың 302 жағдайы анықталды. «Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарында 148 шара өткен, үй жағдайында ұйымдастырылған іс-шаралар – 108. Ал ұйымдасқан ұжымдарда карантиндік шектеулерді елемеудің 47 оқиғасы тіркелді. Аталған жағдайлар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге, лауазымды тұлғаларға, нысандарға қатысы бар жеке азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 86 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды.


Соңғы жаңалықтар