Қызылорда облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған төрт адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған төрт адам ұсталды

Шиелі кентіндегі ойын-сауық орнының меңгерушісінен ауданның бір топ жас жігіттері ақша бопсалаған. Олардың мұндай әрекеттері биылғы жылдың жаз айларынан байқалған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Нәтижесінде олардың жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғаны анықталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобымен жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Сол арқылы Шиелі кентінде тұратын 29 жастағы тұрғын қолға түсті. Одан айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленді. Одан басқа аудан орталығынан шиелілік тағы күдікті адам ұсталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, төрт күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс шеңберінде басқа да тұлғалар мен мән-жайлар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада арнайы операция кезінде есірткі притоны анықталды.