Қызылорда облысында көктемгі дала жұмыстары пысықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Аудан еңбеккерлері жыл сайын Жаңа жыл - Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлағаннан кейін көктемгі дала жұмыстарына кіріседі. Оған кіріспес бұрын алқалы жиын өткізіп, межелі жұмыстарды бірігіп пысықтап алады. Сол үрдіс бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлады Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Семинар-кеңеске облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, инвесторлар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, шаруашылық басшылары және еңбек ардагерлері қатысып, күн тәртібіндегі бес мәселені талқыға салды. Аудан басшысы өткен жылы аудан тарихында алғаш рет 20 мың гектарға күріш дақылы егілгендігін, соның арқасында үздіктер көшін бастағандығымызды атап өтіп, аудан халқының әлеуметтік тұрмысы биылғы жылы орналасатын егін көлеміне байланыстылығын жеткізді. Сол үшін де көктемгі дала жұмыстарына байланысты кездесетін түйткілді мәселелерді бірлесе шешіп алу керектігін атады. Биылғы жылдың ауа райы болжамына да назар аударды. Биылғы жылы аудан бойынша 30777 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасады деп жоспарлануда. Оның ішінде 19349 гектар жерге күріш, 300 гектар жерге бидай, 376 гектарға майлы дақыл, 296 гектар жерге картоп, 181 гектарға көкөніс, 315 гектар жерге бақша және 9960 гектарға мал азығына қажетті дақылдар егілмек. Аталған егіс дақылдарына қажетті 5420 тонна күріш тұқымы, 226 тонна жаздық бидай, 36 тонна жоңышқа, 6,6 тонна мақсары дайын тұр. Ал ауданымыздағы шаруашылықтардағы 4824 тонна күріш тұқымының 653 тоннасы элита, 1141 тоннасы І репродукциялы және 2418 тоннасы ІІ репродукциялы тұқымдар. Қатардағы 614 тонна тұқымның 510 тоннасы ІІ репродукциялы тұқымға ауыстырылмақшы. Бүгінде шаруашылықтардағы қалған 104 тонна тұқымды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың наурыз айындағы зертханалық сараптама жұмыстарының мәліметіне сәйкес, 226 тонна жаздық бидай толығымен ІІ класс дәрежесіне жеткізілген. Зертханалық сараптамадан кейін тексеруге түскен 3782 тонна күріш тұқымының 2937 тоннасы 61 пайыз ІІ класс себу дәрежесіне жетсе, 1887 тонна күріш тұқымын 39 пайыз себу дәрежесіне жеткізу үшін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар