Қызылорда облысында көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көлік түйеге соғылды. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы аумағында болған.

«Жол бойында «Мазда-626» автокөлігі түйе малын қағып кеткен. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында бензовоз жеңіл көлікке соғылып, 4 адам көз жұмды.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар
telegram