Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан 26 қылмыстық топ ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал ұрлығы өршіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін мал ұрлығына байланысты 356 дерек тіркелген. Жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан бұл бағытта бірнеше іс-шаралар өткізілді. Соған қарамастан мал ұрлап жатқандар азймай отыр. Полиция жүргізілген іс-шаралар барысында 26 қылмыстық топты ұстады.
«Мал иелері ұрланған малды іздеуде кеш қимылдап жатады. Малды қараусыз қалдырады. Оларды жоғалғаннан кейін бірнеше күннен соң іздей бастайды. Бұл бізге өз қиындығын алып келеді», - дейді Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының бастығы Нұрбол Сәден.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан 20 қылмыстық топтың қолға түскенін хабарланған еді.