10:29, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында мекемелердің еңбекақы жөніндегі қарыздары 110,7 млн. теңгеге жетті
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысындағы мекемелердің өз қызметкерлеріне еңбекақы жөніндегі қарыздары 110,7 млн. теңгеге жетті.

Бұл жайлы облыстық жедел штабтың мәжілісінде мәлім болды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік инспекторлар жыл басынан бері әртүрлі меншіктегі 278 мекеме мен кәсіпорынға тексерулер жүргізген. Тексеру барысында 852 заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде жалақыдан қарызы бар 33 мекемеге тиісті ұйғарымдар беріліп, 1,2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Қызылорда мамандандырылған экономикалық сотына берілген нұсқамалардың талабын мәжбүрлеп орындату үшін 29 мекеменің құжаттары жіберіліп, оның 21-нен 258,5 млн. өндірілген. Дегенмен, 8 мекеменің жұмысшыларына 34,5 млн. теңге берешегін төлеу туралы шешім әлі орындалмай келеді.