Қызылорда облысында мемқызметкерлер жыл басынан 200-ден астам жемқорлық әрекетке жол берген

Нәтижесінде 5 қылмыстық іс қозғалды, 26 лауазым иесі тәртіптік, 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтары үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Жаңақорған аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры, осы мекеме директорының орынбасары, Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Қазалы аудандық салық басқармасының бас маманы және 7 әкімдіктердің құрылымдық бөлімдері, 6 білім саласының, 12 ішкі істер органдарының, 2 қылмыстық-атқару жүйесінің, 2 денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері әртүрлі жауапкершіліктерге тартылды.