Қызылорда облысында оралмандардың квота бойынша көшіп келу тәртібі сақталып тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес биыл Қызылорда облысына көшіп келу квотасы 500 отбасына бекітілген болатын. Жыл басынан бері көші-қон комитеті облыс бойынша департаментінің жанынан құрылған комиссияның 7 отырысы өткізіліп, нәтижесінде құрамында 420 адамы бар 85 отбасы 2010 жылдың квотасына енгізілді.
None
None

Оның ішінде Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы мен Моңғол Халық Республикасынан келетіндер бар.

«Оралмандарға көмек көрсету» бағдарламасы бойынша есепті мерзімге жоспарланған 57,2 млн. теңгенің 50,8 млн. теңгесі игерілді. Бұл бүгінгі күні 54 отбасы көшіп келу шараларына бөлінетін жәрдемақымен қамтамасыз етілді деген сөз.

Сонымен қатар осы кезеңде 28 адамның екі облыстан қатар көшіп келу квотасына бөлінген жәрдемақымен қамтамасыз етілгені анықталып, 13 адамның заңсыз алған 1 млн. 950,7 мың теңге көлеміндегі қаржысы республикалық бюджетке қай­тарылды.

Соңғы жаңалықтар