Қызылорда облысында өткен жылғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 774 906 млн. теңге болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, аймақта былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 774906 млн. теңгені құраған.
None
None

Бұл 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіштен 0,4 пайызға төмен. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 48,6 пайыз, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауды беруде 2,9 пайыз болған. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 44157,3 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда, 7,5 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар