Қызылорда облысында пара алған аудандық аурухананың бас дәрігері ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның бас дәрігері Н.Кәрібаевты ұстады.

Аталған ведомство ақпаратына сәйкес, күдіктінің жеке тұлғадан жүргізуші ретінде жұмысқа алу үшін 500 мың теңге көлемінде пара алғандығы  анықталған. 

Қазіргі уақытта Н.Кәрібаев Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар