Қызылорда облысында парамен ұсталған бес азамат жазасын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында пара алып және беріп жатқан кездерінде қолға түскен 5 азамат әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.
None
None

Бұл туралы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Рүстем Ақмырзаев мәлімдеді.

Қаржы полицейлері үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында сыбайластық сипаты бар 23 қылмыстың бетін ашты. Бұлардың басым бөлігі параға қатысты болып шықты. Солардың бірі - Арал ауданы Қосжар ауылдық округінің әкімі Ш.Дәрібаев екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз округіндегі қаржылай былықтарға көз жұмып қараулары үшін қаржы полицейлеріне пара бермекші болған. Ал ЗК-169/4 мекемесінің бастығы жазасын өтеп жатқан адамнан 45 мың теңге көлемінде «сыйақы» алғаны үшін темір тордың аржағынан шығып отыр. Сондай-ақ Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы мен ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары үстерінен де қылмыстық істер қозғалды.

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары өзінің субсидия бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы болып отырғанын жеке мүддесіне пайдаланып, жұбайы басқаратын «Баба» жеке шаруашылығына 500 мың теңге көлемінде қаржыны заңсыз бөлдірген. Бұл дерекке қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар