11:20, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында прокуратура органдарының ықпалымен еңбек адамдарының 543 млн. теңге жалақысы төленді
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сая Темірбекованың мәліметі бойынша, өткен жылы облыс прокуратура органдары 543 млн. теңгенің жалақысы иелерін табуына көмектескен.
Нақтылай айтқанда, тиісті ықпал ету шараларының нәтижесінде 32 мекеменің 9882 жұмысшы алдындағы қалыптасқан жоғарыдағы сомадағы қаржы көлеміндегі еңбекақы қарыздары қайтарылған. Осыған орай жұмысшылардың ақысын төлеудегі еңбек заңнамасын бұзған 98 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 7 заңды тұлғаға қатысты құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданған.