Қызылорда облысында рельстен шығып кеткен пойыз жолаушыларына жәрдем көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында рельстен шығып кеткен пойыз жолаушыларына жәрдем көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады
None
None

29 мамыр күні 17 сағат 13 минут шамасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қорқыт ата мен Диірментөбе разьездерінің аралығында, Жосалы стансасынан 32 шақырым жерде Ақтөбе-Алматы бағытында келе жатқан 44 вагоннан тұратын жүк пойызының құрамындағы 5 вагон аударылып, 1 вагон рельстен шығып кеткен. Осы апаттан ұзындығы 300 метр теміржол рельсі мен шпалдар зақымданды. Адам шығыны жоқ. Аударылған 6 вагонның 2-і пропан, 1-і бутан цистернасы, екі жүк және 1 контейнер вагоны болып шықты.

Оқыс оқиғадан өзге бағыттағы жолаушылар пойыздардың жүрісі шегерілді. Оқиға орнына арнайы өрт сөндіру және қалпына келтіру поездары жіберілді. Диірментөбе станциясындағы қалааралық «Сексеуіл-Қызылорда» пойызының 80 жолаушысын Қызылорда қаласына жеткізуге Қармақшы ауданының әкімдігі автобус ұйымдастырды. Төретам станциясында тұрған қалааралық пойыздың жолаушыларын діттеген жеріне жеткізуге де автобус бөлінді. Жосалы стансасы басында тұрған поезд жолаушыларына әкімдіктің қолдауымен ыстық тамақ ұйымдастырылды. Жолаушылардың жағдайын жасауға жергілікті кәсіпкерлер де қолдау жасады. Барлық пойыз тоқтаған станса, разьездерге жедел медициналық жәрдем көліктері жетті. Жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар